Алматыда мопед жүргізушісі әйелді қағып кетті - екеуі де көз жұмды
Алматыда мопед жүргізушісі әйелді қағып кетті - екеуі де көз жұмды
18:05 30.06.2024
Мопеды - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2024
© Sputnik/Ертай Сарбасов
АЛМАТЫ, 30 маусым - Sputnik. Алматыда мопед жүргізушісі әйелді қағып кетті, деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 30 маусымға қараған түні сағат 02:50-де болған. Зардап шеккен әйел де, мопед жүргізушісі де қайтыс болды.
"Наурызбай ауданында мопед жүргізушісі, 2002 жылы туған Қазақстан азаматы Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, 25-30 жас шамасындағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шеккен әйелдің кім екені анықталып жатыр. Апат салдарынан мопед жүргізушісі де, жаяу жүргінші де оқиға орнында қайтыс болды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі
moto_qazaqstan Н, Динара 2024