Төмен бағалар 30% жеңілдікпен алыңыз
  •   Төмен бағалар 30% жеңілдікпен алыңыз  Толығырақ
  •   Төмен бағалар - 30% жеңілдікпен алыңыз
  •   Мотоциклдерді 30%-ға дейін жеңілдікпен алыңыз  Мәліметтерді көру

Сайт жаңалықтары

Жанармайды қажет етпейтін жеңіл көлікті сатып аларда неге мән берген жөн?

Жанармайды қажет етпейтін жеңіл көлікті сатып аларда неге мән берген жөн?
1000132645-3.png

 

https://www.moto-qazaqstan.kz/products/hao-jue-150-kub-hj-2  👆🏻  Түртіңіз 

Бүгінгі шығарылымда:

Елімізде Электросамокат пен мопедтерді пайдалануға деген сұраныс күн санап артып келеді. Қараша алып шаһардың сағаттап тұратын кептелісінен қашып, қолайлы қозғалыс құралына көшкен. Десе де, тоқпен жүретін қозғалтқыш құрылғыны дұрыс пайдаланбаса адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін дейді мамандар. Жанармайды қажет етпейтін жеңіл көліктің қандай зияны бар, тауарды сатып аларда неге мән берген жөн? Әріптесім Диана Тұрлыбек анықтап көрді. 

Бұл бірер күн бұрын Қытай Халық Республикасында орын алған жағдай. Ер адам электросамокаттың батареясын алып, лифтіге мінген. Кенеттен қолындағы аккумулятор өртеніп, жарылып кеткен. Салдарынан азамат оқиға орынында қайтыс болған. Айта кетейік, бұндай жағдай алғаш рет емес, бірнеше жыл бұрын Ресейде де жарылыс болып, самокат қолданушысының денесі алпыс пайыз күйіп қалған болатын. 

Электрик мамандар да самокат қолданушыларын техникалық қауіпсіздікті сақтауға шақырады. Мәселен, қуаттағышты күн көзіне қалдырмау, түнде қуаттамау сияқты ережелерді орындау керектігін айтады. Сондай ақ, жеңіл көліктің батареясын үйге сақтамауға кеңес береді. 

ЖӘНІБЕК ҚУАНДЫҚ, электрик:

– Қазір мопед самокаттар өте көп жарылып жатыр. Оның көбісі батарейканы дұрыс қолданбауы, авария болғанда технический повреждение болып, оны өз қолымен жасай салуы яғни, кәсіби ремонтқа апармауының салдарынан. Және де жаңбыр жауғанда су тиеді, сол кезде далаға қалдыруы. Сондықтан батареяны нольге дейін жеткізбеу керек, и түнде зарядкаға қоймау керек. 

ДИАНА ТҰРЛЫБЕК, тілші:

– Мамандар дәл осы қозғалыс құралын сатып аларда моторы мен батареясының сапасына мән беру керек дейді. Ал, серуендеуге арналған самокатты қолданар болсаңыз, оның дөңгелегінің диаметріне көңіл аудару қажет.